«Алматы-Қапшағай» бағытындағы қала маңы пойызы қайта жүре бастады. «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС үстіміздегі жылдың қыркүйегінен бастап «Алматы-Қапшағай» бағытындағы қала маңы пойызы күн сайын жүретінін хабарлайды:
- Қапшағай бекетінен – сағат 05:52;
- Алматы-1 бекетінен – сағат 18:58.
Тасымалдау жалпы типтегі (отыратын) вагондармен жүзеге асырылады. Әр вагонда кәсіби жолсеріктер бар. Жолақы ОҢАЙ жүйесінің мобильді көліктік терминалы арқылы поезд ішінде жолсеріктерге төленеді. Жол жүру құны - 80 теңге.
Барлық сұрақтар бойынша «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС компаниясының кеңсесіне 8727 234 34 70 телефоны бойынша немесе электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: turanexpress@mail.ru.
Ақпарат көзі: Vecher.kz