Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылық дәрігерлер адамдар көп жиналатын үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдерінен бас тартуға шақырады

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №24 қалалық емхананың бас дәрігері Жәмила Баттақова тұрғындарды салтанатты іс-шараларға баруды шектеуге және алдын алу шараларын сақтауға шақырды.

«Үйлену тойларына, басқа да салтанатты іс-шараларға, жерлеу рәсімдеріне баруды шектеу керек. Адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу керек. Әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды», — деді ол.

Сондай-ақ, дәрігер жеке гигиена шараларын сақтаудың, бөлмені желдетудің және ең бастысы маска тағудың маңыздылығын атап өтеді.

«Алдын алудың ең тиімді әдісі-маска тағу. Бұл жұқпалы ауру. Сондай-ақ, жеке гигиена шараларын сақтау, үйді, ғимаратты желдету, қолды үнемі жуу», — деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, дене қызу көтеріліп, жөтел, тыныс алудың қиындауы, ентігу, иіс, дәм жоғалту, жалпы әлсіздік сияқты белгілер пайда болған кезде дәрігер дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсынады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.