Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев: Реновация бағдарламасы қаланың мыңдаған тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев реновацияның жобалары туралы айтты, оның барысында ескі үйлердің орнына заманауи үйлер салынатын болады.

Реновация бағдарламасы бойынша қаладағы ескі үйлерді сүру жолымен «ескі» аумақтар кешенді жаңарып, тұрғындар жаңа үйлерге көшеді.

Б. Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында хабарлағандай, реновация бағдарламасы қаланың мыңдаған тұрғының өмір сүру сапасын жақсартуға және құрылыс саласына инвестиция тартуға бағытталған.

«Қалада 1444 ескі үй бар. Соның 609-ы Түрксіб ауданына тиесілі. Мұнда «Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» 62 пәтерге арналған 5 қабатты екі үй тұрғызды. Үш ескі үйдің (42 пәтер) орнына инвесторлардың күшімен 152 пәтерлік 7 үй бой көтереді. Осипенко көшесінде 59 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ жеке инвестордың есебінен 30 ескі екі қабатты үйдің орнына 1252 пәтерге арналған 26 заманауи бес қабатты ғимарат салу жоспарлануда», — деп жазды Алматы әкімі.

«Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» Түрксіб ауданында реновация жобасын Сауранбаев — Молдағалиев — Чернышевский — Толстой көшелері аумағында іске асыратын болады. Жеке инвестор ауқымды жоба бойынша жаңа үйлерді осыдан 60 жыл бұрын салынған екіқабатты ескі үйлер тұрған Сейфуллин даңғылы — Ақан сері — Кассин — Котельников көшелерінің аумағында салатын болады.

Бұдан өзге Алматы әкімінің мәліметі бойынша, Медеу ауданында 21 пәтерге арналған ескі үш үйдің орнында 303 пәтерлі 6 үйдің құрылысы аяқталып қалды. Жетісу ауданында 70 пәтерлі 8 ескі үйдің орнына инвесторлармен бірге 489 пәтерлі 7 үйдің құрылысын бастау жоспарланған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.