Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Маска тағу пандемияның екінші толқынының қаупін едәуір төмендетуі мүмкін — Алмаз Шарман алматылықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Қазақстанның профилактикалық медицина Академиясының президенті Алмаз Шарман әлемдегі COVID-19 індетінің өршуіне байланысты алматылықтарға бірқатар ұсыныстар айтты.

Алмаз Шарман барлық сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын атап, маска тағу мәселесіне ерекше назар аударды.

«Болашақта бұл (маска тағу) жаңа мәдениетке айналады. Әрине, көптеген адамдар үшін маска ыңғайсыздық тудырады. Бірақ соған қарамастан, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде пандемиядан бұрын көптеген адамдар маска тағып жүретінін көрдік. Көптеген халықаралық сарапшылар маска тағу пандемияның екінші толқынының қаупін едәуір төмендете алатын өте маңызды фактор деп санайды. Сондықтан барлығына маска тағып жүруге кеңес беремін», — деді ол.

Сонымен бірге, профессордың айтуынша, маска тағу мәдениетін арттырып, дұрыс тағу керек. Ауызды ғана емес, мұрынды да жабу керек. Өйткені ауада жүретін вирустың мұрын мен көздің шырышты қабаттарына ену ықтималдығы жоғары.

«Маска, әрине, инфекциядан 100% қорғамайды Бірақ вирустық жүктемені айтарлықтай төмендетеді, яғни маска арқылы енетін вирустар санын азайтады. Саны аз болса, ол ауруды тудырмайды. Бірақ иммундық қорғанысымызды күшейтуі мүмкін. Біз вирустың жоғары дозасына тап болған кезде иммундық жүйеміз дайын болады», — деп бөлісті ол.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.