Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтарға жылу беру маусымы басталар алдында қауіпсіздік шаралары туралы еске салды

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Арман Байгелов, Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында жылыту кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Департаментте хабарлағандай, 2020 жылдың басынан бастап Алматы қаласының тұрғын үй секторында 222 өрт тіркелген. Бұл 2019 жылдың ұқсас кезімен салыстырғанда 8,6% — ға аз. Себептерді талдай келе, 75% — ы улы газдың әсерінен көз жұмған. 90% жағдайда улы газдың пайда болу себептері — түтіндіктердің ақаулығы, пештердегі жарықтар және пештерді орнату және пайдалану қағидаларының бұзылуы болып табылады.

2020-2021 ж.ж. жылу беру кезеңінде өрттерді және адамдардың жарақаттануын азайту үшін Алматы қаласы ТЖ Департаментімен ТЖ алдын алу бойынша іс-шаралар кешені жүргізіледі. Сонымен, Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша тұрғын үйдегі өрттердің алдын алуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

2020-2021 жылу беру кезеңінде өрттерді және адамдардың жарақаттануын болдырмау үшін Алматы қаласы ТЖД ұсынады:
— газ құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау;
— жылыту пештері мен газ аспаптарының жанына жиһаз және басқа да жанғыш заттарды қоймау, сондай-ақ киім мен дымқыл отынды кептірмеу;
— ақаулы электр розеткаларын, электр ажыратқыштарды және электр аспаптарын пайдаланбау;
— электр плиталары, үтік, электр шәйнектері және керосин аспаптары жанбайтын тіреулерге орнатылуы тиіс;
— жылыту кезеңінің алдында жылыту пештерін жөндеу, пеш конструкцияларындағы жарықтар мен сынықтарды сылау, түтіндіктерді күйеден тазалау;
— әрбір пештің есігінің алдына көлемі 50×70 см шамасында жанбайтын материалды қағу қажет.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.