Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев: Түрксіб ауданында жаңа тартымды орындар пайда болуда

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Түрксіб ауданындағы қоғамдық кеңістіктердің  абаттандырылу барысымен танысты.

Қала әкімі Б. Сағынтаев «Жас қанат» ықшамауданындағы сквер және Соболев көшесі бойындағы спорт алаңы аумақтарына жүргізілген абаттандыру жұмыстарының  нәтижесімен танысты. Іnstagram-дағы өзінің парақшасында Б. Сағынтаев есепті кездесулер кезінде тұрғындардың өздері айтқан учаскелерге айрықша назар аударылғанын атап өтті.

«Мысалы, Жас Қанат ықшамауданындағы қараусыз қалған жердің орнына саябақ, ал Соболев көшесінде спорт алаңы пайда болды. Жаңартылған «Буденый» алаңымен бірге бұл жерлер ересектер мен балалардың сүйікті мекеніне айналды. Мұнда уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған», - деп жазды Алматы әкімі.

⠀Ауданды аралаған Б. Сағынтаев  Ахметов көшесіндегі жөнделген аулаларда болды. Тұрғындарының айтуынша, олар үй маңындағы аумақтың жөнделуін 30 жыл күткен екен.

«Заманауи ойындар, воркаут және демалыс аймақтары тұрғындарды жақындастыруда. Олар бірлесіп аумақты жасылдандырды. енді өз аулаларында тәртіп орнату үшін МИБ құру мәселесін қолға алуда. Бұл — құптарлық әрекет. Тұрғындар тұрғын үй шаруашылығын ұстау мәселелерін өз бетінше шешуге құқылы және шеше де алады», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Түрксіб ауданының аумағында 569 аула бар, оның 496-сы күрделі жөндеуден өтеді, 74-де абаттандыру қарастырылмаған (44-і алдағы 5 жылда бұзылатын тұрғын үй санатына жатқызылған, «Жас қанат» ықшамауданында жаңадан салынған үйлердегі 30 аула).

2016-2019 жылдар аралығында 90 мыңнан астам адамды қамтыған 400 аула немесе олардың жалпы санының 80,6% жөнделді.

Ағымдағы жылы 20 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 95 аула аумағына (3,4 млрд теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Демек, алдағы 4 жылда жөнделгендерді ескере отырып, аудан аулалары 100% абаттандырылатын болады.

Сонымен қатар, биыл  2016, 2017 жылдары абаттандырылған 115 аула ағымдағы жөндеуден өтуде, 60 ауланы жөндеу  100% аяқталды, 55-де жұмыстар жалғасуда (50%). Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі 2020 жылдың қазан айы.

Түрксіб ауданында жалпы аумағы 56,8 га болатын 2 саябақ пен 12 сквер бар.

Бүгінгі күні 2 саябақ пен 8 сквер жөнделді. Ағымдағы жылы «Буденный» мен «Жас қанат» сквері жөнделген болатын.

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы 2 скверді (әуежай алаңы, Балалардың шығармашылық үйі) жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде және жергілікті бюджет есебінен 2021 жылы 2 скверді (Ленин, Б. Хмельницкий) жөндеу жоспарланған.

Маяк ықшамауданындағы Әуежайдың рекреациялық аймағын жаңарту жұмыстары жүруде. Мұндағы жөндеу жұмыстарын жыл соңында аяқтау қарастырылған және тоғай айналасын абаттандыру, МАФ-тар, пирстер орнату, ойын және спорт алаңдарын жасау жоспарланған.

Бұлардан өзге, Сауранбаев көшесі бойындағы жаяу жүргінші аймағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бұл аймақ абаттандырылады және МАФ-тар, орындықтар қойылып, субұрқақтар жасалады, LED-жарығы орнатылады. Күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.