Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

50 мыңнан астам оқушы мен мұғалімдерге компьютерлік техника берілді — Алматы әкімдігі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Білім Басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты.

Естеріңізге сала кетейік, мектеп аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшірілді. Сонымен қатар, қала әкімшілігі оқушылар мен мұғалімдердің қажетті техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады.

«Алматы қаласының білім Басқармасы компьютерлік техникасы жоқ отбасындағы балаларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіндегі жағдай бойынша барлығы 51 720 компьютерлік техника берілді», — деді Қайрат Жұманов.

Мәселен бүгінгі күні:
— жан басына қаржыландыру бойынша мектептер 9120 ноутбук сатып алып, жеткізді;
— жергілікті бюджет есебінен 22 212 планшет сатып алынып, жеткізілді; 11 042 компьютер сатып алынды, оның 2 мыңы жеткізілді; қалған 9 мыңы ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жеткізіледі;
— 38 591 дана компьютерлік техника Үкіметтің резервтік қоры есебінен сатып алынып, 18 388 компьютер мен ноутбук жеткізілді; қалған 5203 планшет пен 15 000 ноутбук 15 қыркүйекке дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар, Қ. Жұманов демеушілік көмек есебінен де үлкен көмек көрсетілетінін атап өтті: 150 ноутбукты ҚР Сыртқы істер министрлігі, «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» және ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына берді.

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының демеушілері 500 ноутбук ұсынды. «Мектепке жол» акциясы аясында «Нұр Отан» қалалық филиалы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 1,5 мың планшет пен 1000 мектеп құралдарын берді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.