Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтарға жылу желілері сынақтан өткізілетін жерлерге көлік қоймауға кеңес берілді

10-18 қыркүйек аралығында таңертеңгі сағат 03:00-ден 7:00-ге дейін Алматының 8 ауданы аумағында қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын ескеріп, жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізілетін учаскелерге көлік қоймаған жөн.

Қауіпсіздік шараларына қарамастан жердің бетіне су немесе будың шығуы, жол жабынының бұзылуы сияқты штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда өз бетінше ешқандай әрекет жасамай, оқиға орнынан дереу кетіп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС +7 727 378 06 65 телефонына немесе 109-ға хабарласу қажет.

Жылу желілерін сынақтан өткізу кестесі (көшелер бойынша):

10 қыркүйек

–«Айнабұлақ-1», «Айнабұлақ-2», «Айнабұлақ-3», «Айнабұлақ-4» ықшамаудандары;

– «Көкмайса» ықшамауданы (бұрынғы «Дорожник»);

– «Құлагер» ықшамауданы;

–Ратушный көшесі;

– Байзаков – Чокин – Райымбек – Рысқұлова – Бродский – Жансүгіров.

10–11 қыркүйек

– Төле би – Райымбек – Яссауи – Емцов;

– Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Райымбек – Уәлиханов – Бөгенбай батыр;

– Сейфуллин – Рысқұлов – Жангельдин – Райымбек – Куратов – Гоголь.

10–18 қыркүйек

– Аскаров – «Алматы» шипажайы– Саин – әль-Фараби – Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – Ганди – Назарбаев – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы;

11 қыркүйек

– Қарасай батыр – Құлымбетов – Рысқұлов – Чокин – Емцов;

– Рысқұлов – Сейфуллин – Тихов – Жансүгіров;

– Мөңке би – Фаризы Оңғарсынова – Момышұлы – «Зерделі» ықшамауданы.

11–14 қыркүйек

– Төле би – Гайдар – Абай – Әшимов («Қалқаман» ықшамауданы).

14–15 қыркүйек

– Қарасай батыр – Райымбек – Масанчи – Ислам Каримов;

– «Аққайнар» ықшамауданы – Мамбетов – ҮААЖ оңтүстік жағы;

– Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Байсеитова – Сәтпаев – Есентай өз.– Шевченко – Досмухамедов;

– Қарасай батыр – Шагабутдинов – Тимирязев – Розыбакиев;

– Яблочков – Азов – Рысқұлов – Серіков – Ратушный – Ангарсий – ҮААЖ бойы – Мамышұлы – Ақ-қайнар кенті– Мөңке би – Боралдай кенті;

– Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова.

15–16 қыркүйек

– Ұлықбек – Шаляпин – Саин – Сәдвақасов;

– Гоголь – Көрған – Сәтпаев – Чайковский.

16–18 қыркүйек

– Қарасай батыр – Тілендиев – Айманов – Жандосов;

– Жуалы – Сәбденов – Жақыбаев – Тарғап;

– Шаляпин – Рысқұлбеков – Үлкен Алматы өз. – Саин;

– Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өз.– Гоголь;

– Қарасай батыр – Байзаков – Тимирязев – Розыбакиев.

Аталған аумақтарда тұратын барлық тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Гидравликалық сынақ қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің жағдайын бағалау және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.

Ақпарат көзі: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.