Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылық дәрігерлер Президентке Жолдаудағы медициналық қызметкерлерді қолдайтын жаңа шаралар үшін алғыс білдірді

Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Жолдауда денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және медицина қызметкерлерін қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінген. Осылайша, Президент медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге 150 млрд тг бөлуді тапсырды. Осыған байланысты Алматының медицина қызметкерлері Президентке көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.

Алматы қаласының №4 қалалық емханасының клиникалық фармакологы Әйгерім Тоқтыбаева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн сұхбат барысында айтылған бастамаларға алғыс білдірді.

«Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі жолдауы туралы айтқым келеді. Президент еліміздің медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдықта ынталандыру үстемеақыларын беру үшін 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Барлық медицина қызметкерлерінің атынан Президентке осындай үлкен көмек үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Пандемия кезінде жұмыс істеген әрбір медицина қызметкері өз өмірін қатерге тікті, ал бүгінгі Жолдау бізге үлкен қуаныш сыйлады», — деп атап өтті Әйгерім Тоқтыбаева.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.