Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда сумен қамту және су бұру инженерлік желілерін салу бойынша 33 жоба іске асырылуда

Қала әкімі Б. Сағынтаев «Алматы» телеарнасының Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қалаға қосылған ықшамаудан тұрғындарын сумен қамту және су бұрудың орталықтандырылған жүйесіне қосуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы хабарлады.

Бүгінгі күні Алатау ауданындағы «Самғау» мен «Ақбұлақ» ықшамаудандарында, Медеу ауданына қарасты «Думан» ықшамауданында, сондай-ақ Алмалы ауданындағы Аренский көшесінде (25-30 үй) сумен қамту және су бұрудың инженерлік желілерін жүргізу бойынша жұмыстар аяқталды. Қазір желіде суды іске қосу процесі жүріп жатыр (сығымдау, кесу). Тұтынушылар «Алматы су» мекемесімен шарт жасасып, желілерге қосылуы қажет.

Жыл соңына дейін Алатау ауданындағы «Шапағат», «Алғабас», «Өжет» ықшамаудандарында, Бостандық ауданына қарасты «Көкшоқы», Медеу ауданы бойынша «Көлсай», Түрксіб ауданына қарасты «Қайрат» және Жетісу ауданындағы «Кемел» ықшамауданы мен Қазыбаев көшесінде (1 мың үй) сумен қамту және су бұру бойынша инженерлік желілердің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұлардан өзге жыл соңына дейін Алатау ауданындағы Томирис, Шаңырақ-2, Ұлжан-1 ықшамаудандарында кәріздік сорғы стансаларын (КСС) салуды аяқтау жоспарланған.

Осылайша, Алматы тұрғындарын сумен қамтудың орталықтандырылған жүйесіне қосу 98% немесе шамамен 1 878 500 адамды құрайтын болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.