Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Әлеуметтік жұмыстар жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасында жоғары сұранысқа ие - Алматы әкімдігі

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат Басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы, жұмыс іздеушілер көп сұрайтын жұмыс түрін атады.

Оның айтуынша, жұмыспен қамтылмаған азаматтарға әлеуметтік жұмыс ең тиімді әрі қолайлы екен.

"Әлеуметтік жұмыс орындары — жоғары сұранысқа ие. Жыл басынан бері 1101 адам осы жұмысқа кірісті. Бұл ретте, мемлекет ең төменгі жалақыны (42500 теңге) субсидиялайды, ал жұмыс беруші өз тарапынан жалақыға 65% қосымша төлейді. Яғни, біз белгіленген жалақының 35% - ын субсидиялаймыз", - деді Данияр Әлкебайұлы. Мүмкіндігі шектеулі, жұмыс істейтін адамдар үшін әкімдік 63 мың теңге көлемінде жалақы белгілегенін айтты.

Сонымен қатар Д.Әлкебайұлы жұмыссыз жандарды қолдайтын шараларды атап өтіп, жастарды жұмысқа орналастыруда көмектесетін тиімді құралдың бірі - жастар тәжірибесі екенін айтты.

"Жыл басынан бері 869 адам жастар тәжірибесіне жіберілді. Жұмыстың алғашқы 6 айында тәжірибесі жоқ жастарға жалақыны мемлекет төлейді. Жалақы 69 мың теңгеден асады", - деді Данияр Әлкебайұлы.

Сонымен бірге, бітірген мамандығы сұранысқа ие болмаса, үміткерлер қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтіп, қосымша дағдыларды ала алады.

"Мамандық бойынша жұмыс таба алмайтын адамдар хабарласып, сұранысқа ие мамандық ала алады. Аспаз, электрик, дәнекерлеуші мамандықтарын алып, тұрақты жұмысқа орналаса алады. Оқу —1 айдан 6 айға дейін жалғасады. Оқудың барлық кезеңінде стипендия төленеді. Толық оқу мемлекеттен төленеді. Бүгінгі таңда 722 адам оқуға жіберілді", - деді Д.Әлкебайұлы. Жыл соңына дейін кәсіптік оқуға 1,5 мың адамды тарту жоспарланып отырғанын айтты.

Қысқа мерзімді курсты аяқтағаннан кейін, адамдар бизнесін бастау үшін қайтарымсыз гранттарға үміткер бола алады (200 АЕК немесе 555,6 мың теңге). Биыл 1306 адам грантқа ие болды. Сондай-ақ гранттар "Бизнес Бастау" және "Жас кәсіпкер" кәсіпкерлік негіздері курстарының түлектеріне беріледі.

Айта кету керек, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасынан басқа, қалада жұмыспен қамтудың жол картасы жүзеге асырылуда. Оның аясында әлеуметтік мәдени саланы, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған 226 жоба қарастырылған. Жобаларды іске асыру— 26 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 12 998 мың жұмыс орны бар.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.