Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының ҰКП кәсіпкерлерді санитарлық талаптарды: маска және қашықтықты сақтауға шақырады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов кәсіпкерлерді барлық санитарлық талаптарды сақтауға, сол арқылы қаланың экономикасын қалпына келтіруде көмектесуге шақырды.

“Өз қызметін іске асырып жатқандардың бәрін жұмыстарын бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жасауға шақырамын. Бұл біздің барлық салалар мен қызмет түрлерін осы ұзақ карантиннен шығаруымыз үшін қажет”, - деген үндеу салды Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, дезинфекциялық шараларды сақтау керек. Бұл шаралар ШОБ субъектілерінің аумағында қызметкерлер мен келушілердің жұқтыруын болдырмау үшін қажет.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.