Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Индустриалды аймағы аумағында 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Бүгін «Алматы – Индустриалды аймағы» аумағында өңірлік коммуникациялар қызметі брифинг өткізді. «Алматы – Индустриалды аймағы» ЖШС директоры Берікбол Мәндібаев 2016 жылдан бері Алматының Индутриалды аймақ аумағында жалпы сомасы 69,6 млрд тг болатын 13 кәсіпорын пайдалануға берілді. 1952 жұмыс орны құрылып, 2 млрд тг салық төленді, 63,3 га жер игерілді.

Тағы 47 жоғары технологиялық жоба жүзеге асырылу кезеңінде және алдағы жылдары іске қосылады.

Алматының Индустриалды аймағына 261 млрд тг барлығы 60 компания қатысады, оның ішінде 18-і шетелдік қатысушылармен (Қытай, Ресей, Жапония, Иран, Малайзия, БАӘ, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ) 8,6 мың жұмыс орны құрылған.

Биылғы жылы металл өңдеу және жылжымалы қақпаларды шығару бойынша қуаттылығы 12 125 бірлік, 42 жұмыс орнына шақталған кешен іске қосылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 1131 жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 30,1 млрд тг сомасына 9 жобаны іске қосу жоспарлануда. 2021 және одан кейінгі жылдары 160,7 млрд тг сомасына 5,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы 38 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.