Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қоғамдық жұмыстар

Жастар практикасынан басқа, халықтың қоғамдық жұмыстарға деген үлкен сұранысы артты.

«Қала тұрғындары мұнда жұмыс іздеп арнайы келеді. Біз әлеуметтік желілер, түрлі ақпараттық ресурстар, Жетісу ауданы әкімі аппаратының ресурстары арқылы хабардар етіп отырамыз», — деді Бауыржан Бірбаев.

Қоғамдық жұмыстар қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді және ол әлеуметтік бағытта пайдалы болып табылады. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы мөлшері 2 АЕК (салықтар мен әлеуметтік аударымдарды есепке алғанда 85 000 тг) құрайды. Бұл бағдарламаға 16 жастан бастап, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар қатыса алады.

«Біз мұнда әкеммен келдік. Зейнетке шыққанға дейін әлі уақыт бар, ал ол жұмыссыз. Біз egov-та жиі отырамыз, әкем жұмыссыз ретінде тіркелген. Бізді жұмыспен қамту орталығы осында шақырды. Қандай құжаттар қажет екенін айтты. Менің әкем бірінші дәрежелі жүргізуші тәжірибесі бар. Ол автобус паркіне жүргізуші болып орналасуды қалайды. Біз өз бетімізше жұмыс табуға тырыстық, бірақ бәрі бекер», — деді қала тұрғыны Станислав.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.