Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда троллейбус инфрақұрылымын модернизациялау келер жылы аяқталады

Троллейбустан бас тарту мәселесі күн тәртібіне қойылған жоқ және қойылмайды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

Қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берген Б. Сағынтаев троллейбус жұмысын қамтамасыз ететін байланыс желілері мен қосалқы стансаларды модернизациялау бағдарламасының өткен жылы қабылданғанын хабарлады.

Үстіміздегі жылы пандемия салдарынан шығындар қысқартылды. Жыл соңына дейін 16 көшедегі байланыс желілері жаңаратын болады.

«172 шақырым желілерді ауыстыруды қажет ететін троллейбус инфрақұрылымын толықтай модернизациялауды 2021 жылы аяқтауды жоспарлаудамыз», - деді Алматы әкімі.

2020 жылдың соңына дейін Жандосов, Сейфуллин, Қабанбай батыр, Әуезов, Розыбакиев, Жұбанов, Емцов, Қалдаяқов, Пушкин көшелері мен Рысқұлов, Райымбек даңғылдары бойындағы ескірген байланыс желілерінің тіректері ауыстырылады. Бұрын кабельді және байланыс желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары 2000 жылы жүргізілген.

Күн сайын сегіз бағыт бойынша жолаушы тасымалдауға 160 троллейбус шығады. Мұндағы жолаушы ағыны ай сайын шамамен 2,5-3 млн адамды құрайды. Троллейбус желісінің жалпы ұзындығы 191 шақырым.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.