Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Біз дәрігерлер мен пациенттердің денсаулығын сақтауды ойлаймыз» - Ж.Бекшин жекеменшік медициналық мекемелердегі эпидемиологиялық талаптардың сақталуы жайлы

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров пен Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы - қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте қайырымдылық ұйымдарымен жүргізген конструктивті ынтымақтастық жайлы айтты.

Сонымен бірге, Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және коронавирустық инфекцияны емдеуде қатаң санитарлық талаптарды және қауіпсіздікті сақтай отырып, тұрғындар мен медицина қызметкерлеріне көмек көрсету керек екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қазақстанның әдемі балалары» қайырымдылық қоры «Сұңқар» және «Талант и К» медициналық мекемелерінің базаларында тиісті лицензиясыз «Ковид-19» емін жүргізді деген ақпарат тараған болатын. Бұл факт Алатау ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Басқармасының жасаған тексерісі кезінде анықталды.

Атап айтқанда, келесі заң бұзушылықтар анықталды: термометрияның жоқтығы, медицина қызметкерлерінің ЖҚҚ-мен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, «таза» және жұқтырған («лас») аймақтарға бөлінбеуі, жұмыс істейтін желдету және сүзу жүйесінің болмауы.

Жандарбек Бекшин алғашқы тексеруде стационардың жұмысы дұрыс ұйымдастырылмағанын, ал бұл коронавирус инфекциясының таралуына әкелуі мүмкін екендігін атап өтті. Қазір осы мекемемен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Жұмыстың дұрыс алгоритмі жасалуда.

Сонымен бірге, Ж. Бекшин жеке бастамаға қолдау көрсетілетінін, бірақ тәртіп барлығына бірдей екендігін атап өтті. Жалпы, Алматыда коронавируспен күресуге өз үлесін қосқысы келетін еріктілермен бірлескен жұмыс жалғасуда.

«Біз еріктілермен жұмыс жасап жатырмыз. Олар бізбен бірге бақылау жұмысына да қатысады. Еріктілер бізге үнемі заң бұзушылықтар туралы (карантиндік режим) ақпарат береді. Біз дәріханалардағы кезектерді волонтерлардың арқасында зерттеп, білдік. Олар бізге заң бұзушыларға шара қолдану керектігін хабарлайды. Қоғамдық ұйымдар бізге баға жетпес қызмет көрсетіп жатыр деп ойлаймын», - деді Жандарбек Бекшин.

Өз кезегінде Камалжан Надыров тұрғындардың мұндай бастамаларын қала әкімшілігі құптайтынын атап өтті. «Жұқпалы аурулар ауруханасының жұмысына көмектесуге дайын еріктілер бар. Олар кез-келген жұмысты, мысалы, пациенттерге тамақ таратуды да істеуі әбден мүмкін. Сондықтан біз еріктілермен конструктивті диалог жүргізудеміз », - деп атап өтті Камалжан Надыров.

Сондай-ақ, Камалжан Надыров көбінесе жеке кәсіпкерлер мен тұрғындар әртүрлі көмек түрін көрсетуге тырысып жатқандығын айтты. «Біз бұл бағытты, әрине қолдаймыз. Бірқатар меценаттар ӨЖЖ аппараттары мен оттегі концентраторларын бізге көмек ретінде берді», - деді К. Надыров.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.