Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

100-ден астам алматылық волонтер болуға тілек білдірген

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн сұхбат барысында Алматы қ. жоғарғы медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева айтты.

Светлана Сұлтанғазиева хабарлағандай, 100-ден астам адам қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға үлес қосып, волонтер болуға тілек білдірген.

«Тілек білдірген адамдар сонымен бірге, дәрілік құралдарды жеткізуге тартылуда. Олар қарапайым персонал қатарына енеді», - деді С.Сұлтанғазиева.

Сонымен бірге, ол медициналық қызметкерлер қатарынан шыққан волонтерлардың кадрлық резервке қосылатынын атап өтті.

Медициналық мамандарды инфекциялық стационарларға бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Медициналық ЖОО мен колледждердің түлектері үшін келесідей шаралар жүргізілуде:

  • мамандардың сертификаттарын тездетіп алуы;
  • жұмысқа қабылдауды жеңілдету (құжаттар санын азайту);
  • COVID-19 бойынша қосымша оқыту курстарын өткізу. Курсты аяқтағаннан кейін коронавирус инфекциясымен науқастанған адамдармен жұмыс істеу үшін рұқсат ететін арнайы сертификаттарды беру;
  • Студенттер үшін мотивацияны арттыру мақсатында резидентураға түсуге көмек көрсетуде жағдай жасалуда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.