Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.
«Ағымдағы жылдың 22 шілдесіндегі жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 9634 жағдайы тіркелген, -деді спикер. -Оның ішінде 6281 расталған симптомдық және 3353 симптомсыз жағдай. Стационарларда 5667адам емделіп, үйлеріне шығарылды, қайтыс болған адамдар саны-54».
Жалпы аурушаңдықтың көп жағдайы жастар арасында тіркелген, жас құрамы бойынша аурушаңдық негізінен 20-29 жастағы адамдар арасында 23,3%, 30-39 жастағы адамдар арасында 21,1% және аз дәрежеде 60 жоғары жастағы адамдар 14,1% тіркелген.
Аурушаңдықтың себеп-салдарлық байланысына талдау жүргізу кезінде 56,1% (6408 жағдай) жұмыс орны бойынша науқастармен байланыста болған, 20,2% (1948 жағдай) үй ошағында науқастармен байланыста болған, 13,0% жағдайда инфекция көздері анықталмаған (1258 жағдай).
Қазіргі уақытта үй карантиніндегі 17 265 адамға медициналық бақылау жүргізу жалғасуда.
Соңғы 7 күнде аурушаңдық деңгейінің өскені байқалады, бұл ретте ақылы негізде өз еркімен жүгінген жағдайлар 942-ден 1060-қа дейін өскен, негізінен бұл қала маңының тұрғындары.
Профилактикалық мақсатта тексеру барысында 399 науқас анықталды.
«Эпидемияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізу, байланыста болған жағдайларды тексеру нәтижесінде 103 жағдайдан 93 жағдайға дейін науқастармен байланыс бойынша тексеру жүргізу кезінде анықталған жағдайлардың төмендеуі байқалады», - деді қаланың бас санитар дәрігері.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі