Коронавирустық пандемия жағдайында Алматы қаласының әкімдігі қалалық дәріханалар мен ауруханаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдады. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова мәлімдеді.
Нарықты тұрақтандыру және дәрі-дәрмектердің уақтылы әкелінуін қамтамасыз ету мақсатында сертификаттау рәсімін және бір реттік импорт процесін жеңілдету, сонымен қатар дәрі-дәрмектерді тіркелмеген қаптамада әкелуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі күні дәріханаларда дәрі-дәрмектердің жеткілікті саны бар, атап айтқанда қызу түсіретін препараттармен қамтамасыз етілген. Дәріханалардың сыртындағы кезектер әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігінен туындады. Соған қарамастан, қаладағы дүрбелеңге байланысты, бір қолға 2-3 қаптамадан артық препарат бермеу туралы шешім қабылданды.
«Қазіргі уақытта қалалық нарықты дәрі-дәрмектермен толықтыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды», - деп қорытындылады Марина Дурманова.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі