Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда медикаменттер мен жеке қорғаныс құралдарын өндіру бойынша фармацевтикалық кластер құрылады

Бұған дейін хабарланғандай, халықты дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі бірқатар қосымша шараларды қабылдады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты.

Қалада дәріханалар мен ауруханаларды дәрілердің қажетті қорымен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты Алматыда бюджеті 5 млрд.теңге болатын қалалық тұрақтандыру қоры құрылды. Қордың басты қызметі препараттарды жеткізу тоқтап қалған жағдайда шұғыл түрде әрекет етуге арналған қажетті резерв құру болып табылады.

Қосымша, «Алатау «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында фармацевтикалық өндіріс реттелуде.

«Қалада медикаменттер мен жеке қорғаныс құралдарын отандық өндірушілердің өндіруі бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жыл соңына дейін, фармацевтикалық кластерді құру жоспарлануда. Осының бәрі импортқа тәуелді болмау үшін жасалуда», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.