Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімдігінде қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жобалар туралы айтылды

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі сайтында Алматы қаласының жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская азаматтардың экологиялық әл-ауқатын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Бұған дейін Алматы әкімі Б.Сағынтаев азаматтарға ауа сапасы мен қоршаған орта туралы ақпарат беретін экологиялық жобаның басталғаны туралы хабарлады.

«8 автоматтандырылған стационарлық және 2 жылжымалы пост орнатылды. LED-экрандарда мегаполистің әртүрлі бөліктеріндегі ауа сапасы туралы азаматтарға ақпарат беретін жоба іске қосылды», - деді Н. Ливинская.

Департаменттің хабарлауынша, жақын арада мегаполисте экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірнеше жобаны іске қосу жоспарлануда:

- «Көліксіз күн» - әр жексенбіде қаланың жекелеген аудандарындағы жолдардың қозғалысын бұғаттау арқылы;

- жалпы ұзындығы 28 км болатын велосипед жолдарын жайластыру.

«Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырғаннан кейін пилоттық жоба аясында Алмалы ауданында уақытша жаяу жүргіншілер аймағын құру жоспарлануда. Оның тиімділігін қарастырғаннан кейін біз осы шараны бір жүйеге келтіруді жоспарлап отырмыз», - деді спикер.

Осы және басқа жобаларды іске асыру үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына белсенділер, блогерлер, экологиялық қауымдастықтар, ғалымдар және басқалар кірді. Жұмыс тобының отырыстары барысында Алматы қаласында атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспары жасалуда.

2022 жылға қарай атмосфераны ластайтын заттардың ауаға шығарылуын 123 мың тоннадан 94 мың тоннаға дейін азайту көзделген, ал 2025 жылға қарай ЖЭО-2-ның газға көшірілетінін ескере отырып, барлық ластану көздерінен ауаға шығатын қалдықтарды 48,4 мың тоннаға дейін азайту жоспарлануда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.