Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев карантин режимінің сақталуын қадағалау мен экономиканы кезең-кезеңімен қалпына келтіру мәселесі жайында баспасөз конференциясын өткізеді

27 мамыр сағат 15:00-де Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың карантиндік режим жағдайында мегаполистің тыныс-тіршілігі мәселелері бойынша онлайн баспасөз мәслихаты өтеді.

Коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу жөнінде қабылданатын шаралар және карантиннен кезең-кезеңмен шығу шеңберінде экономиканы қалпына келтіру механизмі түсіндірілетін болады.

Баспасөз мәслихатының көрсетілімін «Алматы» телеарнасынан, сондай-ақ Алматы әкімдігі, өңірлік коммуникациялар қызметі және Open Almaty-ның Facebook-тегі ресми парақшаларынан көруге болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.