Алматы қаласы Полиция департаменті карантиндік режимнің жеңілдетілуіне, сондай-ақ көптеген нысандар жұмысының қайта қалпына келтірілуіне байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл бекеттердің жұмысы тоқтатылғанын хабарлайды.
⠀
Қазіргі уақытта патрульдік полицияның ресурстары азаматтар көп шоғырланған жерлерде (кішігірім саябақтар, скверлер) тәртіптің және карантин режимінің сақталуын бақылауға бағытталған. Сондай-ақ бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады.⠀
⠀
Бұл ретте Алматы қалалық Полиция департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталу қажеттігін еске салады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі