Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматы қаласында кәсіпорындардың қызметін жалғастырудың үшінші кезеңін іске қосуды мақұлдады

Осылайша, кәсіпорындарды іске қосудың үшінші кезеңі аясында ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап қосымша шаштараздар (алдын-ала жазылу бойынша), фотосалондар мен гүл дүңгіршектері, жылжымайтын мүлікпен қызмет көрсететін компаниялары, айырбастау пункттері жұмысын қайта бастайды.

Қызмет көрсету саласы бойынша аяқ киім жөндеу, химиялық тазалау, баспа ісі бойынша нысандардың жұмысын іске қосуға рұқсат етілген.

Сондай-ақ, жұмыс кестесі сағат 17:00-ге дейін, алаңы 500 шаршы метрге дейін жеке тұрған азық-түліктік емес (СО, СОО және СҮ тыс) дүкендердің қызметіне рұқсат берілді.

Жалпы, қызмет көрсетуге рұқсат етілген осы салалардың барлық кәсіпорындарына Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «3-ші кезеңнің жекелеген салаларының нысандары қызметіне шектеулерді алып тастау тәртібі туралы» қаулысында жазылған санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды міндетті түрде сақтау талаптары таратылатын болады.

Шектеуді алып тастау жоспарланып отырған бірқатар салалар нысандары алгоритмді орындаған жағдайда тиісті салалар ұйымдарының қызметін жалғастыруға рұқсат етіледі.

Алгоритм келесі қадамдық әрекеттерді қамтиды:

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті нысанды тексеру кезінде дұрыс емес ақпарат ұсынған және қаулыда жазылған талаптарды сақтамаған жағдайда нысанның қызметін тоқтатуға дейін әкімшілік шаралар қабылдайтын болады.

Өтінімдерді қабылдау ү. ж. 03 мамыр күні сағат 09.00-ден басталады. Нысанды іске қосу тек қаулы талаптарына сәйкес нысан дайындалған және infoalmaty.kz сайтында тіркеуден өткен жағдайда ғана мүмкін болады.

Аталған нысандарды ашу аясында жұмыспен қамтылғандар саны 41,4 мың адамға дейін артады деп күтілуде.

Ақпарат көз: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.