Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

2020 жылғы 28 сәуір мен 29 сәуір аралығында түнгі уақытта жауған жауын-шашын салдарынан су басуды жою бойынша ақпарат

Алматы қаласында жауын-шашын жауу кезінде су басудың алдын алу және жою мақсатымен 28 сәуірден 29 сәуірге қараған түні мердігерлік ұйымдар мен аудан әкімдіктері қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Бөгетсіз өткізу және суды ағызуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін 121 адам, 67 арнайы техника және 23 мотопомпа жұмылдырылды.

Өткен түнде бірде-бір су басу оқиғасы тіркелген жоқ.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 28-29 сәуір аралығында қалаға 12,7 мм мөлшерінде жауын-шашын түскен, ал айлық норма 105 мм құрайды. 

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ресми интернет-ресурсы 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.