Алматы қаласында жауын-шашын жауу кезінде су басудың алдын алу және жою мақсатымен 28 сәуірден 29 сәуірге қараған түні мердігерлік ұйымдар мен аудан әкімдіктері қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Бөгетсіз өткізу және суды ағызуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін 121 адам, 67 арнайы техника және 23 мотопомпа жұмылдырылды.
Өткен түнде бірде-бір су басу оқиғасы тіркелген жоқ.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 28-29 сәуір аралығында қалаға 12,7 мм мөлшерінде жауын-шашын түскен, ал айлық норма 105 мм құрайды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ресми интернет-ресурсы