Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

2020 жылғы 26 сәуір бойынша Алматы қ. КВИ-ге қатысты жағдай

Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 28 жағдайы анықталды, оның барлығы вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар, карантинде провизорлық госпитальдарда емделіп жатқан адамдар.

Бүгін (26.04.2020 ж.) коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы 6 адам емдеуден шығарылды. Оның ішінде екі ер адам және төрт әйел кісі бар. Медицина қызметкерлері арасынан бір ер адам және үш әйел бар. Бесінші пациент Ыстамбулдан ұшып келген, алтыншы адам Минскіден ұшып келген. Бұған дейін ұшып келген екі пациент провизорлық стационарда болған.

Үш пациентте емдеу кезінде жағдайы полисегментарлы екі жақты пневмониясының болуына байланысты, ауырлықтың орташа дәрежесі, қалғандарында симптомсыз тасымалдаушылық ретінде бағаланды.

Бүгінгі таңда мегаполисте емделіп жазылғандардың саны 96 адамды құрайды.

Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан емдеуде Алматы облысынан пациентті есепке алғанда, 739 адам бар.

Науқастардың жай-күйлері бір адамда — аса ауыр, 33 адамда — ауыр, 195 адамда — орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандарында — қанағаттанарлық.

Жалпы, 26 сәуірге Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 842 жағдайы тіркелді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.