Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды

Алматы әкімі Б. Сағынтаев «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша онлайн режимде кеңес өткізді.

Барлық 214 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға 103,9 млрд теңге бөлінеді. 26 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады.

Әлеуметтік-мәдени объектілерді, ТКШ объектілерін және көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу көзделеді.

Сонымен қатар, 125 жоба елдімекендерді абаттандыру аясында іске асырылатын болады. Бұл – аулаларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, скверлер мен парктерді жөндеу және абаттандыру.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев ТЖ режимін енгізуге байланысты жұмыс істемейтін қалалықтарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін жобалардың сапалы және уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Кеңесте 26 мың жұмыс орынның жалпы санының 50% -ы жұмыссыз жастарға басымдықпен қала халқын жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалданатыны атап өтілді. Жобалар аяқталғаннан кейін 2,4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.

Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік саладағы нысан салынатын болады.

Жұмыспен қамту орталығының сайтында (http://cz-almaty.kz/) іздеушілер мен жұмыс берушілерге өтінім беруге болады.

Бүгінгі күні 5964 адам, оның ішінде 640 адам – құрылыс нысандарындағы бос жұмыс орындарына резюме берді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.