Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін кезең-кезеңімен қайта бастау жоспарына сәйкес экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге үлкен әлеуеті бар және коронавирус инфекциясының таралу қаупі төмен секторлар анықталды.
Атап айтқанда:
- Шектеулерді алып тастаудың нәтижесінде өнеркәсіп саласында 42,2 мыңға жуық адам өз жұмыс орындарына оралады деп болжанған.
- Өз кезегінде құрылыс саласында құрылыс маусымының басталуын, сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы жаңа жобалардың іске асырылуын ескере отырып, тікелей құрылыс саласында 34,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
- Сонымен қатар, ауқымды құрылыс жұмыстарының басталуымен жобалаушылар, іздестірушілер, инжинирингтік компаниялар (авторлық және техникалық қадағалау), жобаларды сараптау секілді қызметтер мен мамандарға қажеттілік туындайды.
- Құрылыс саласының үздіксіз жұмыс істеуі үшін көтерме құрылыс базарларын ашу қажет (қосымша тағы 10,8 мың адам). Осылайша, жалпы аталған салада жұмыспен қамтылғандар саны 45,3 мың адамға артады.
- Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын кәсіпкерлердің кепіл мүлкін мемлекеттік тіркеу үшін нотариус пен ХҚКО қызметін қайта бастау жоспарда бар.