Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда COVID-19 инфекциясына тексерілу контингенті кеңейтілді

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

«Қазіргі таңда біз коронавирустық инфекцияның белең алып кетпеуі үшін, қауіпті індет бойынша тексерілетін адамдардың контингентін кеңейттік. Соның нәтижесінде ауруды жұқтырған науқастарды уақыт оздырмай дер шағында анықтап, оқшаулауға мүмкіндік туып отыр. Қазір банк қызметкерлері, базарларда тұратын адамдар, құқық қорғау органдарының өкілдері де тексеруден өтеді.

Бүгінгі таңда Құрлық әскерлері әскери институтының 383 қызметкері тексерілді. Сондай-ақ, "Жұлдыз", "Жасыл базар", "Магнум" сауда орындарының өкілдері арасында да медициналық тексеру жалғасуда. COVID-19-ды анықтау мақсатында жаппай тексерілу қаладағы коронавирустық инфекцияның жасырын ошақтарын анықтауға көмектеседі», — деді А. Молдағасымова.

Спикердің сөзіне сүйенсек, Алматыда бір күнде COVID-19 инфекциясына 1064 адам тексеруден өтті.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.