Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласына блокбекеттер арқылы кіру/шығуға рұқсат етілген азаматтардың тізімі кеңейтілді

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб Алматы қаласынан/қаласына денсаулығына байланысты өздігінен қозғалу мүмкіндігі жоқ және шұғыл түрде емделуге бағытталған азаматтарға және оларды алып жүретін адамдардың қозғалысына (жүріп-тұруына) рұқсат ететін шешім қабылдады. Мұндай рұқсат медициналық мекеменің хат түріндегі жолдамасы болған жағдайда науқасты алып жүруші бір адамға берілген және олар бір автокөлікпен жүрулері тиіс.

Аталаған шаралар созылмалы ауруларды емдеуде, жоспарлы операцияларды жасауда дер кезінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.