Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу мақсатында әкімдік пен «Алматы» ӘКК бірқатар нақты шараларды іске асыруда. Соның бірі – демалыс күндері жәрмеңке өткізу.
2019 жылы Алматыда демалыс күндері жәрмеңке 4 жерде өткізілетін. 2020 жылдың басынан бері жаңа 6 сауда нүктесі ашылды. Жәрмеңкелерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 түрі әлеуметтік бағамен ұсынылады.
Жәрмеңкелер қаланың барлық аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша өтеді:
- Алмалы ауданы: Гоголь к-сі – Масанчи к-сі;
- Әуезов ауданы: Абай даңғ. – Өтеген батыр к-сі; Саин к-сі – Шаляпин к-сі;
- Бостандық ауданы: «Қазақфильм» ы/а, Жароков к-сі, әл-Фараби даңғ. жоғары;
- Жетісу ауданы: «Құлагер» ы/а, Серіков к-сі;
- Наурызбай ауданы: «Қалқаман» ы/а, Әуезов к-сі, №1 қалалық клиникалық аурухана алдында;
- Медеу ауданы: Меңдіқұлов к-сі – Бектұров к-сі;
- Түрксіб ауданы: «Жұлдыз» ы/а;
- Алатау ауданы: «Нұркент-5» ы/а, Атлетикалық ауыл, орталық аллея; «Саялы» ы/а, №28 үйдің маңы.