Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мемлекеттік бағдарлама аясында Алматыда 661 көпбалалы отбасы пәтер алды - С. Тұяқбаев

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 661 көпбалалы отбасы тұрғын үй алды. «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылармен 284 пәтер сатып алынды. Республикалық бағдарлама аясында 236 (көп балалы отбасылар – 116, толық емес отбасылар – 93, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар - 27) берілді. 2020 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде «көп балалы отбасылар» санаты бойынша 1 929 азамат тұр.

2020 жылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында 500-ден астам көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жеке кешенді жұмыс азаматтарды кәсіпкерлікті жүргізу негіздеріне оқыту бойынша жүргізіледі, бұл өзінің әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

«Ағымдағы жылы «Бақытты отбасы» орталықтары мен «ISKER ANA» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы жұмысын жалғастырады. Алдағы уақытта «ISKER ANA» белсенді жұмыс жасап, жас аналар мен көп балалы отбасыларға қолдау көрсететін болады», - деді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Сейдахметқызы Шимашева.

2019 жылдың тамыз айынан бастап орталықтар базасында 13 474 адам тұлғалық өсу, балаларды тәрбиелеу, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар бойынша базалық тренингтерден өтті, бұл жоспарланған көрсеткіштерден екі есе жоғары. Оқыту курстарынан 6 900 адам өтті. Алматы қаласының барлық аудандарынан көп балалы аналар белсенді қатысуда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.