28 қараша сағат 10.00-ден – 14.00-ге дейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы ҚР әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, міндетті әлеуметтік сақтандыру және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер туралы халықты ақпараттандыру мақсатында ашық есік күнін өткізеді.
Мекенжай: Наурызбай батыр көшесі, 17, «Сириус» БО, 1 қабат.