Сыйымдылығы үлкен 10 автобус №12 бағыт бойынша жүреді. «Алматыэлектротранс» ЖШС Zhongtong маркалы жаңа автобустардың алғашқы легін сатып алды. Жақын күндері мемлекеттік тіркеу мен дайындықтан өткен соң автобустар тестілік режимде №12 бағыт бойынша жолға шығып, «Қазақстан» қонақ үйінен (Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысы) «Медеу» мұз айдынына дейін барады. Автобус табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционер және бейнебақылаумен жабдықталған.
Автобустар арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған. Төмен еденді, сыйымдылығы - 104 адам, 22 отыратын орын және мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін 3 орын бар.
«Алматыэлектротранс» ЖШС әуежай мен қаланың ықшамаудандарын байланыстыратын № 92 бағыттағы автобустарды жаңартуды жоспарлап отыр.