Алматыда жаңа №113 бағыт ашылды. Ол Арықов көшесінен Торайғыров пен Сайын көшелерінің қиылысына дейін барады. Бағыт бойынша сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін 6 автобус жүреді. Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, жолаушылар ағыны артқан жағдайда бұл бағытқа жаңа автобустарды шығару мәселесі қарастырылады.