Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауына Қырғыз Республикасының Жоғарғы соты жанындағы Жоғарғы сот төрелігі мектебінің өкілдері келді
Жоғарғы сот төрелігі мектебі директорының орынбасары Ғалия Алымбекованың айтуынша, Қазақстан медиация саласында айтарлықтай алға жылжыды, үлгі алуға тұрарлық тұстары көп. «Қырғызстанда медиация институты құрылу сатысында, сондықтан бізді Алматы қаласының тәжірибесі – Жоғарғы соттың сотқа дейінгі татуластыру институттарын дамыту жөніндегі басым жобаларының бірін іске асыру шеңберінде Open Almaty базасында Алматы қалалық сотының «Сотқа дейінгі татуластыру орталығының» ашылуы өте қызықтырды.
Open Almaty жанындағы «Сотқа дейінгі татуластыру орталығы» 2018 жылдың шілдесінен бастап жұмыс жасап келеді. Орталықты құру тұжырымдамасы азаматтарға кеңес беру, дау санатын анықтау, медиаторды таңдау, татуластыру рәсімдерін жүргізуден бастап келісім жасауға дейінгі өзара байланысты қызметтер көрсетуді көздейді.
Осы уақытқа дейін Сотқа дейінгі татуластыру орталығына 1,5 мыңға жуық адам жүгінді. Негізінен бұл еңбек, тұрғын үй, жер даулары және т.б.