Алматы қ. Халықты жұмыспен қамту орталығы жас мамандарды «Жастар тәжірибесіне» қатысуға шақырады.
Жастар тәжірибесі бұл:
- мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігі;
- ары қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
- жастар арасында еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Тәжірибе жинақтауға оқуы аяқталғаннан кейін 3 жыл ішінде 29 жастан аспаған жастар жіберіледі. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы – 6 ай. Еңбекақы айына - 63 125 теңге (салық, міндетті әлеуметтік аударымдар, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы мен банк қызметтерін есептегенде).
Барлық мәселелер бойынша Алматы қ. әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.
Мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысы.
Телефон: +7 (727) 391 09 27, 224 20 00.
Электронды пошта: centr_almaty@mail.ru
https://www.instagram.com/centr_zanyatosti_almaty/