Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда автобустар санын 4 есе арттыру жоспарлануда

Алматы әкімі Бауыржан Байбек автобус техникасының, аксессуарлар мен қызмет көрсетудің «BUSWORLD Central Asia 2019» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Көрме өзінің жартығасырлық тарихында алғаш рет Орталық Азияда өтуде. Қала әкімінің айтуынша, көлік реформасы белсенді жүзеге асырылып жатқан Алматы үшін - бұл сарапшылық ортада пікір алмасып, халықаралық тәжірбие жинақтаудың жақсы мүмкіндігі.

«Халықтың мобилділігі - үлкен қалалардағы өмір сапасының басты критериі. Бүгінде субсидиялаудың арқасында жылжымалы құрам 80%-ке жаңартылып, 1300-ге жуық жаңа автобус сатып алынды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100%-ке жеткізіледі. Кейін қаланың автобус паркін 4 есе жаңартатын боламыз. Бұл миллиардтаған ақшаны көлеңкеден шығарып, ашық көлік саласын қалыптастырудың арқасында мүмкін болды. Жақын арада бағыттарға «Made in Almaty» электр автобустары шығады. Ол үшін автопаркі 300 орын үшінші буындағы электр автобустарын құрастыратын «FalconEurobus» зауыты ашылды. Автобустардың қозғалыс кестесін реттеу үшін диспетчерлік басқару жұмысын күшейттік және тасымалдаушыларға айыппұл санкцияларын қолданудамыз. Тек өткен жылдың өзінде тасымалдаушылардан 560 млн теңгеден астам субсидия ұсталды», - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, қала әкімі осы жазда троллейбус желілерін жаңарту жұмыстары басталатынын айтып өтті. Бүгінде 172,6 км жаңартуға ЖСҚ, сондай-ақ қосалқы электр станцияларын жөндеу мен троллейбус бағыттарының жаңа желілерін салу үшін ТЭН дайын. Бұл шаралар бағыттардағы троллейбустар саны мен орташа жылдамдықты арттырып, апатты жағдайларды азайтуға септігін тигізеді.

Бауыржан Байбек BRT жүйесінің алғашқы желісін іске қосу жолаушыларға жол қозғалысына кететін уақытты 40%-ке үнемдеуге мүмкіндік бергенін жеткізді. Жыл сайын жаңа желіні 100 мыңнан астам жолаушы пайдаланады. Талдау көрсеткендей, қарбалас уақытта Тимирязев көшесі бойында автобустар қозғалысының жылдамдығы аялдамаларды қосып есептегеннің өзінде 3 есе жоғары. Қоғамдық көлік үшін 122 км арнайы жолақ жасалды, осының арқасында 22 көшеде автобустар қозғалысының жылдамдығы артты. LRT конкурсының бірінші кезеңі аяқталды, жаңа 2 метро бекетінің құрылысы жалғасуда, интервалды азайту үшін тағы 8 жаңа құрам сатып алынады.

Бұдан өзге, қаланың коммуналдық меншігіне мегаполистің басты туристік қақпалары – «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдары өтеді. «Саяхат» автовокзалын қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр. Өткізу қабілетін арттыру үшін екі теміржол вокзалы жөндеу жоспарлануда. Қала тұрғындарының мобилділігін арттыру үшін «Anytime» көлікті жалға беру жүйесі енгізілді, «Almaty bike» велопрокаты жұмыс істейді, шілдеде 300 электрсамокатты жалға беру басталады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.