Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының теміржол вокзалдары қаланың коммуналдық меншігіне өтеді

1 шілдеден бастап Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтеді. Бұл вокзалдарды мегаполистің көлік инфрақұрылымының бөлігі ретінде тиімді дамытуға мүмкіндік береді.

Вокзалдарды қаланың коммуналдық меншігіне беру себебі – өткізу қабілетін арттыру және жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін күрделі жөндеу қажеттілігі болып отыр. Алматы-1 вокзалын күрделі жөндеу кезінде заманға сай конкорсты өткелдерді салу, қолданыстағы жер асты өткелін кеңейту және эскалаторлар орнату қарастырылған.

Еске салсақ, қала әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы-1 вокзалын күрделі жөндеу шығыны коммерциялық нысандарды бастапқы әрлеумен жалға беру есебінен оңтайландырылды. Осылайша, нысандарды ішкі әрлеу, технологиялық жабдықтарды сатып алу және инженерлік құралдарды орнату қажеттілігі жойылды.

Сонымен қатар, ғимараттың дизайнына арналған шығын қысқартылды. Дизнай тұжырымды, тиімді және заман талабына сай жасалады, қымбат бөлшектер болмайды.

Ақпарат көзі: Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.