Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда үнемдеу есебінен жаңа мектептер мен балабақшалар салынады

Алматыда жыл басынан бері жиналған үнемі есебінен халықтың аз қамтылған тобының әлеуметтік қажеттіліктеріне, мектептер мен бала бақшалар салуға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, сонымен қатар абаттандыруға жергілікті бюджеттен қосымша 13,8 млрд теңге бөлінеді.

Сонымен, Мемлекет басшысының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қосымша 2,5 млрд теңге бөлінеді. Елбасының тапсырмасы бойынша бұрын негізсіз жобаларды қаржыландыруды оңтайландыру есебінен қалалық «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға 3,1 млрд теңге жұмсалады.

Наурызбай және Әуезов аудандарында қарттарды қолдау бойынша екі орталық, Медеу ауданында психоневрологиялы ауытқушылығы бар мүгедек балалар емделетін күндізгі бөлім және Түрксіб ауданында Психоневрологиялық сырқатқа ұшыраған жандарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 360 орындық орталық ашуға қаржы бөлінді.

Білім беруде жаңа нысандар салу есебінен қазіргі кезде мектептерде орындардың жетіспеушілігі 20%-ке, балабақшаларда 14%-ке азайды. Дегенмен, қала тұрғындарының саны жыл сайын орта есеппен 50 мың адамға, оқушылар саны 10-12 мыңға, мектеп жасына дейінгілер қатары 5-7 мыңға өсуде. Нәтижесінде кейбір мектептерде оқушылар саны артып кеткен. Мамыр-5,6 ықшамаудандарында 1200 орындық екі мектеп, Нұршашқан елдімекенінде 600 орындық мектеп, Ақсай-3а ықшамауданында 225 орындық, ал Думан-1 елдімекенінде 850 орындық қосалқы нысандар салуға республикалық бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлінді. Жас қанат, Алғабас ықшамаудандары мен Бостандық ауданында салынып жатқан үш балабақша құрылыстарын аяқтау үшін жергілікті бюджеттен 212,6 млн теңге жұмсалатын болады.

Дүниежүзілік банктің бизнесті жеңіл жүргізу рейтингі бойынша Алматы еліміз бойынша бірінші орында тұр, ШОБ үлесі алғаш рет экономикада 42%-ке және салықта 64%-ке өсті. Сонымен қатар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бизнес үшін несиенің мөлшерін субсидиялауға бөлінетін 4 млрд теңгеден өзге Алматыда қосымша 1,9 млрд теңге бөлінеді.

Бұдан өзге, Жастар жылы аясында олардың кәсіпкерлігін дамытуға, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға арналған «Жастар - ел тірегі» әлеуметтік жобасы қол алынды.

Мысалы, Алматы мемлекеттік колледжінің сервисі мен технологиясын, киім тігуді конструкциялау мен оның көркемдік графикасын жақсарту, тігін шеберханаларын толық қайта жабдықтау, кеңселерді көркем моделдеу мен шаштараз өнеріне баулу, оның ішінде инклюзивті білім беру үшін 100 млн теңге бөлінді.

Өз кезегінде денсаулық сақтауға қосымша 1,8 млрд теңге бөлу жоспарланған, оның ішінде сегіз медицина мекемесіне медициналық қондырғылар алынады және Алатау ауданындағы Жедел жәрдемнің қосалқы станциясы нысанының құрылысы аяқталады. Орталықтандыру қағидасы бойынша Наурызбай ауданында тағы 20 аула, Бостандық ауданында 60 аула күрделі жөнделеді, Жетісу ауданындағы Ратушный және Жеңіс скверлері ағымдағы жөндеуден өтеді. Бес ауданда арық және жауын желілері салынады.

Қаланың шет аумағындағы Қарасу, Ақбұлақ, Трудовик ықшамаудандарын дамыту, бұларға жол салу үшін республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінеді. Әйгерім 1,2 және Шаңырақ 1 елдімекендеріне жол салуды бастау үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.

10 елдімекендегі 58 мыңнан астам үйді қамтитын ұзындығы 256 км болатын су және кәріз желілерін тарту үшін республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінеді. Бұлар - Қарасу, Нұршашқан, Заря Востока, Алғабас, Әлмерек, Первомайка, Боралдай, Таужолы, Құрамыс, Жайлау елдімекендері.

Бұдан өзге, республикалық бюджетті қайта бөлу есебінен Жас қанат ықшамауданы мен Ақын Сара көшесінде 7 үй салу жоспарланған. Шұғыла, Жас қанат, Алғабас ықшамаудандарында жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерге қажетті желілер тартылады. Жергілікті бюджеттен қаржыландыру үшін 115,5 млн теңге бөлінді.

ТҮКШ модернизациялау бағдарламасы бойынша 877,6 млн теңгеге 94 көпқабатты үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Айта кетерлігі, 2,5 жыл ішінде 367 үй жөндеуден өтіп, 512 лифт ауыстырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.