Алматыда кеміргіштермен күрес бойынша кезекті науқан 22 сәуірде басталады. 31 мамырға дейін жалғасатын жаппай дератизация қаланың оңтүстік аудандарынан басталып, қаланың 47 мың гектардан астам аумағын қамтиды.
Санитарлық өңдеу саябақ, сквер, өзен жағалаулары, су айдындары, арық жүйесі, қоғамдық көлік аялдамалары, контейнерлік алаңдар, орамішілік кеңістіктер, сондай-ақ 135 мың жеке тұрғын үй айлалары мен шаруашылық құрылыстарда жүргізіледі.
Жеке сектор тұрғындары арнайы улы химикаттарды тегін алады.
Кеміргіштерді жою науқаны кәсіпкерлік нысандарды да қамтиды. Алдын алу шаралары 3,5 мың сауда нысаны мен өнеркәсіп кәсіпорындарында, 500-ден астам білім беру нысанында - мектептер мен балабақшаларда, денсаулық сақтау мекемелерінде - ауруханаларда, емханаларда, сондай-ақ метро, вокзал мен стадиондарда жүргізіледі.
Қазіргі уақытта қалада кеміргіштерге қақпан орнату бойынша дайындық жұмыстары атқарылуда.
Биыл дератизациялық іс-шараларды мамандандырылған дәрігерлер және арнайы техниканың қолдауымен «Дезинфекция» ТМ мердігер ұйымы өткізеді.
Егер өткен екі жыл ішінде кеміргіштермен күресте «Бромадиолон» улы химикаты қолданылса, биыл «Ратикумды» пайдалану жоспарланып отыр, өйткені дератизациялық құралдар әсерінің тиімділігі үшін оларды әрбір 5 жыл сайын ауыстырып тұру қажет.
Ашық аумақтарда көрінуі үшін алдын ала ашық түске боялған препаратты адамдар, үй жануарлары мен құстар үшін қол жетпейтін жерлерде жасырын орналастырылады.
Мамандар дератизация кезінде кеміргіштердің жер бетіне әдеттегіден көп шығуы мүмкін екендігін ескертеді. Бұл жануардың улы химикаттың әсерімен жүргенін және айналадағылар үшін қауіп төндірмейтінін білдіреді.
Алматыда жыл сайын 2 кезеңмен өткізілетін дератизация кеміргіштер санын азайту, сондай-ақ аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық аурулардың таралуының алдын алу үшін қажет.
Келесі кезең күзге жоспарланған.
Ақпарат көзі: Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы