Алматы қаласының Полиция департаменті мен Спорт басқармасы 21 сәуірде жыл сайынғы спорттық шара - Алматы марафоны өтетінін еске салады. Оған әлемнің 53 елінен 17 мың спортшы қатысады. Алматы марафоны – Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы.
Марафонның өтуіне байланысты қала жолдарының бір бөлігі жабылады. Түсіністікпен қарап, жексенбі күні бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
«Алматы марафоны» 2019 жолдарды жабу кестесі (20-21 сәуір)
20-21 сәуір | |
20 сәуір 12.00-ден 21 сәуір 17.00-ге дейін | Сәтпаев көшесі (Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін) |
21 сәуір | |
05:00-ден 09:30-ға дейін | Әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін) |
05:00-ден 10:35-ке дейін | Шашкин көшесі (әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін) Тимирязев көшесі (Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін) Байзақов көшесі (Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін) Сатпаев көшесі (Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін) |
05:00-ден 12:00-ге дейін | Назарбаев даңғылы (Сәтпаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін) әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейін) Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады |
05:00-ден 13:30-ға дейін
| әл-Фараби даңғылы (Шашкин көшесінен Сайын көшесіне дейін) Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады Сайын көшесі (ал-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады |
05:00-ден 14:00-ге дейін | Абай даңғылы (Сайын көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін) Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады
Байтұрсынов көшесі (Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін)
Сәтпаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін) |