Алматыда 12 сәуірден бастап №68 автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді. «Ремизовка» ықшамауданы тұрғындарының өтініші негізінде қозғалыс соңғы аялдама «Ремизовкадан» Қазақфильм ықшамауданындағы Алматы көшесіне дейін ұзартылады.
Енді автобустар мына бағыт бойынша жүреді: «Арайлы – Желтоқсан – Центральная – Жұлдыз – Өтегенов – Байкенов – Рахмадиев – Алматы». Бағытқа күніне 15 минут қозғалыс интервалымен 4 жылжымалы құрам шығады. Қызмет көрсетуші - «Алматыэлектротранс» ЖШС.
Ақпарат көзі: Алматы қалалық мобилділік басқармасы