Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары атанды.

Мұхит Әзірбаев Алматы қаласында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі.

Жеке сектордағы жұмыста мол тәжірибе жинақтаған. Түрлі жылдары «Қуат-Агро» агрохолдингтік компаниясының бас директоры, «Global Building Contract» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы болды, «АБН АМРО Банк» және «Казкоммерцбанк» АҚ лауазымды қызметтер атқарды.

2017 жылдан бастап «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басқармасының төрағасы болды. Жаңа тағайындауға дейін қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.