Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтар бюджетті қалыптастыруға қатыса алады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңес отырысында келер жылдан бастап «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын қолға алуды ұсынды, мұнда қаланың әр ауданына белгілі бір сома бөлініп, оны тұрғындардың өздері ең маңызды бағыттар бойынша үлестіреді.

Қазіргі кезде Алматы әкімдігі озық тәжірибелер негізінде тиімді әрі үнемді жұмсау қағидаты бойынша бюджет шығындарын оңтайландыруда. Таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аса маңызды емес шығындар 5,5 млрд теңгеге қысқарып, «Бақытты отбасы» өңірлік бағдарламасын қаржыландыруға бағытталған болатын.

«Нұр Отан» партиясының фракциясымен бірге бюджет шығындарына қосымша сараптама жүргізіліп, Қоғамдық кеңестің қарауына тағы 7 млрд теңгеден астам қаржыны қысқарту ұсынылады. Бұрын қолдауға ие болған Меңдіқұлов, Шухов көшелеріндегі және «Буденный», Мемлекеттік музей жанындағы, «Журналистер» скверлерін, Жас қанат ықшамауданындағы Маяк саябағын, 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақты абаттандыру жөніндегі осы жылға жоспарланған жобаларды кейінге қалдыру ұсынылады. Бұл жобаларды жүзеге асырмас бұрын тұрғындармен талқылау керек деп есептеймін. Жалпы, бюджет қала тұрғындарының пікірін ескерумен құрылады. Біз шағымдар мен ұсыныстарды үнемі зерттеп, талдау жүргіземіз», - деді Бауыржан Байбек.

кері байланыс арналарының жұмысы жүйелі ретке келтірілілді. Алматы әкімдігінің барлық әлеуметтік желілерде ресми аккаунттары бар, тек Instagram парақшасына 200 мыңға жуық адам жазылған. Күн сайын 500 өтініш түседі, олардың әрқайсысы «Open Almaty» бірыңғай жүйесіне енгізіліп, бақылауға алынады, талданады.

Тұрғындардің өтініштері негізінде бюджеттің басым бөлігі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, олар: қалаға қосылған елді мекендерді абаттандыру, қоғамдық көлікті дамыту, жолдар мен желілер, мектеп пен балабақшалар, емханалар салу. Нәтижесінде шағымдар саны бір жыл ішінде 3 есе қысқарды.

Азаматтардің өтініштеріне жедел әрекет ету үшін Бірыңғай байланыс орталығы құрылуда, мұнда қаланың барлық басқармалары, аудан әкімдіктері, апаттық және коммуналдық қызметтердің байланыстары бір нөмірге біріктірілген. «Open Almaty» мобилдік қосымшасы онлайн-қызмет көрсету бойынша қаланың түрлі сервистерінің басын қосуы тиіс.

«Келер жылдан бастап «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын бастауды ұсынамын, мұнда әр ауданға белгілі бір сома бөлініп, оны тұрғындардың өздері маңызды бағыттар бойынша үлестіреді. Қала тұрғындары «Open Almaty» жүйесі арқылы өз ұсыныстарын, жобаларын жолдайды, олар жарияланып, көпшілік дауысқа салу арқылы үздіктері анықталады. Кейін ұсынылған жобаларға Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, бюджеттік комиссия бағасын береді. Алматыда әр ауданға орта есеппен жарты миллиард теңге бөлуге болады деп есептеймін. Яғни, барлық сегіз ауданға 4 млрд теңге немесе қала бюджетінің 1%-і бөлінеді», - деді Бауыржан Байбек.

Мегаполис әкімі БҰҰ-ның ұсынысына сәйкес дамыған елдер бюджетінің 0,5%-тен 1%-ке дейінгі көлемі осылайша жасақталатынын айтты. Бұл бюджеттік процесстің ашықтығы мен азаматтық қоғамның кемелдену өлшемдерінің бірі. Мұндай бастама Лондон, Рим, Берлин, Париж, Мәскеуде енгізілген.

«Бізге қоғамдық пікірді есту ғана емес, бюджеттік шешімдерді іске асыру, соның ішінде азаматтық бастамаларды қоса қаржыландыру арқылы жауапкершілікті қабылдау мүмкіндігін жасау маңызды. Іске бұл тұрғыдан келу масылдықты жойып, өз қаласына ұқыпты қарау көзқарасын нығайтады. Бұдан өзге, қалалық басқармалар кері байланыс арналары арқылы ірі жобаларды тұрғындармен, бизнеспен, сарапшылармен бірге талқылауы тиіс. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл бастамада барынша белсенділік танытуы қажет деп есептеймін», - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Байбек.

Еске салсақ, отырыс барысында «Көкжайлау» жобасын жүзеге асыруды кейінгі қалдыру және босаған қаржыны қалалық бағдармаларды орындауға жұмсау туралы шешім қабылданды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.