Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының медициналық ұйымдарында Open space енгізілуде

Алматының №4 қалалық ауруханасында Open space форматында алғашқы офис ашылды. «Алматы – адалдық алаңы» жобасы аясында осындай офистер екі ай ішінде барлық медициналық ұйымдарда енгізілетін болады. Бұл халықпен байланысты жеңілдетуге және сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді.

«Бүгінде шағымдар негізінен қабылдау бөлмесі мен тіркеу орнында туындайды. Менің ойымша, мұндай жаңашылдықтар халықтан түскен шағымдарды азайтады, өйткені мәселелерді шешу дәл осы жерде және қазір қағидаты бойынша жүзеге асырылады, бұл халықтың жалпы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттырады», - деді басқарма басшысы Қанат Төсекбаев.

«Алматы – адалдық алаңы» жобалық офисінің жетекшісі Александр Братенков атап өткендей, медициналық мекемелерде «ашық кеңістікті» енгізу халықтың қазіргі қазақстандық медицинаға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді, азаматтар шетелдік мамандардың қызметіне емес, жергілікті клиникаларға көбірек жүгінуге ұмтылатын болады.

«Қызметтердің сапасы мен ашықтығы - біздің қазіргі медицинаны осыған бағыттау керек», - деп атап өтті Мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы Д. Таумұрат.

Айта кету керек, «Алматы – адалдық алаңы» аясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, басқарманың ресми сайтында TRANSPARENСY HEALTH бөлімі ашылды, он бес денсаулық сақтау ұйымының бақылау кеңесіне мүшелікке конкурс өткізілді, қоғамдық пікір көшбасшылары, экономистер мен қаржыгерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-қауымдастық, БАҚ өкілдері оның мүшесі атанды.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – адалдық алаңы» жобалық офисін өткен жылдың соңында Алматы қаласының әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп ашқан болатын. Оның мақсаты әлеуметтік маңызы бар салалардағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының интернет-ресурсы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.