Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының қай көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматыда 2019 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында жүзден астам көше орташа жөндеуден өтеді. Орташа жөндеу әр 5-7 жыл сайын жүргізіледі және асфальттың жаңа қабатын төсеуді ғана емес, бүлінген бордюрлерді ауыстыру, аялдама кешендерін орнату, жол төседерін тарылту/кеңейту және тұрақтарды жайластыру бойынша жұмыстар кешенін білдіреді.

Бес жолайрықта тоннельдердің қабырғалары жаңартылады: әл-Фараби даңғылы – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, әл-Фараби даңғылы – Достық даңғылы, Сайын көшесі – Жандосов көшесі, Сайын көшесі – Абай даңғылы, Сайын көшесі – Шаляпин көшесі.

Жолдарды жөндеумен қатар іргелес жатқан ғимараттардың кіре берістері мен қасбеттерін сәйкестендіру, ескі томарларды аршу, қоршауларды және жаяу жүргіншілер аймақтарын басып алған заңсыз нысандарды бұзу, тұрақ қалталарын сәйкестендіру және көше бойындағы заңсыз тұрақтарды жою, арық науаларын ауыстыру және т. б. жұмыстар жүргізіледі.

Мүгедектер арбасындағы жолаушыларды, балалар мен қарт адамдарды отырғызуға және түсіруге ыңғайлы болу үшін аялдама қалталары жойылады, бұл автобустарға аялдама шығыңқысына жақын тоқтауға мүмкіндік береді.

Жолдарды жөндеу жұмыстары кезінде көшелер ішінара жабылуы мүмкін. Сізге қажетті көшенің жөнделу мерзімі жайында +7 (747) 605 60 57 немесе +7 (727) 272 02 99, ал қоғамдық көлік бағытының өзгеруі туралы +7 (727) 262 20 49 телефон нөмірлеріне хабарласып, білуге болады.

2019 жылға арналған қала жолдарын орташа жөндеу жоспарын мына жерден көруге болады

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.