Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қарды тазалау жұмыстары бойынша ақпарат

Алматы қаласында ақпанның 5-нен 6-на қараған түні қалың қар жауды.

Түнгі 01:00-ден таңғы 08:00-ге дейін қалада жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетсе, таулы аймақтарда 30 сантиметрден астам қар түскен.

Қарды тазалау жұмыстарына 574 арнайы техника тартылды.

Мердігер ұйымдар көктайғаққа қарсы 3100 тонна материал пайдаланды.

Күндіз 718 арнайы техника мен 2 200 жұмысшы жұмылдырылады. Құрылыс компанияларынан қар шығару үшін қосымша 69 жүк машинасы тартылды.

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі көлік иелерін қарды тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарап, жол шетіне әсіресе түнгі уақытта көліктерін қалдырмауды сұрайды.

Қарды тазалау жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіретін автокөлік эвакуатормен алынып тасталатынын ескертеміз.

Қарды шығаруды 7 ақпан күні кешке дейін аяқтау жоспарлануда.

Ақпарат көзі: Жасыл экономика басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.