Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімі жаңа автобус паркінің құрылыс қарқынын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде газбен жүретін 200 автобусқа қызмет көрсететін жаңа автобус паркінің құрылыс қарқынын тексерді және №99 бағытты жаңарту үшін алынған жаңа автобустарды көрді.

«Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация басшысы Мұхит Әзірбаев өз сөзінде Алатау ауданында салынып жатқан автопарк құрылысының 60 пайызының аяқталғанын баяндады. Қазірдің өзінде техникалық қызмет көрсету, автожуу, диспетчерлік қызмет, жатақхана нысандары салынған және бұларға ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нысан пайдалануға толық берілгенде 650 жаңа жұмыс орны құрылады. Газбен дәнекерлеу жабдықтары сатып алынды. Биылғы жылдың жаз айларының басында жұмысты аяқтау жоспарланған.

Дәл осы күні мегаполис басшысынаа «Бату travel» компаниясының 130 автобусқа арналған автобус паркінің құрылысы көрсетілді. Жобаға тартылған жеке инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңге. Автопарк Алатау ауданында бой көтереді. Сонымен, Индустриалды аймақ маңында қаланың қоғамдық көлігіне қызмет көрсететін кәсіпорындар кластері пайда болады.

Жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек №99 бағытты жаңарту үшін «CityBus» автопаркі сатып алған «Golden Dragon» маркалы автобустарды көрді.

Жаңа үш есікті, төмен еденді, кондиционерлермен, электронды таблолармен, видео камералармен жабдықталған әрі Евро-5 экологиялық стандартқа сай автобустар осы сенбі күні Әйгерім және Көктөбе елді мекендеріне қызмет көрсетуге шығатын болады.

«Бизнесті дамыту үшін біз Алматыға бет бұрдық, мұнда нарық үлкен әрі жайлы инвестициялық ахуал орныққан, оның үстіне тасымалдаушыларға субсидия қарастырылған», - деді «CityBus» ЖШС өкілі Амангелді Әбдірахманов.

Айта кетерлігі, Алматыда жүзеге асқан көлік реформасы барысында 2018 жылы қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобус жүре бастады. Биылғы жылы қаланың автобус паркі қосымша жаңаратын болады. Сонымен қатар, «Алматыэлектротранс» ЖШС қаржысы есебінен газбен жүретін тағы 200 жаңа автобус алынады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.